Тілі мен жүрегі теңеспей…

Қараша 10, 2009


Хазреті Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уә сәлләм):
«Тілі мен жүрегі теңеспей, көршісі оның зиянынан аман болмай және сөзі мен ісі бір болмаған пенде – иман келтірген болмайды.»

Ибн Нажжәр


© Rasulullah.Kz


Ораза теңдесі жоқ ғибадат

Тамыз 20, 2009
Әбу Умамә (р.а) түсіндіреді:
Бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с):
– Я, Расулуллаһ, маған қайырлы бір амал жасауға кеңес беріңіз, – деп сұрадым.
Пайғамбарымыз (с.а.с):
– Ораза ұста, онымен тең келетін ғибадат жоқ, – деді. Қайтадан сұрадым:
– Маған жақсы бір іс істеуге кеңес беріңіз.
– Ораза ұста. Өйткені Аллаһтың алдында сауап жағынан онымен тең келетін бір ғибадат жоқ, – деп жауап берді.

ramazan2006fo6_


© Rasulullah.Kz