Талха Ибн Убайдулла

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын

“Өзi өлгеннен кейiн де сенi жер
басып жүрiп келе жатқан адамның
түрi қуантса, онда Талха Ибн
Убайдуллаға қарасын”
Мұхаммед, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам.

Namaz

Құрайштардың бiр сауда керуенiмен бiрге Талха Ибн Убайдулла ат-Тайми аш-Шамда едi. Керуен Басраға келiп жеткенде құрайштардың көпестерi қаланың құж-құж қайнаған қан базарына бет алып, сауда-саттыққа қызу араласып кеттi.
Жастығына және басқа көпестердей емес, саудада тәжiрибесi аздығына қарамастан Талха ақылдылығы мен зеректiгi арқасында басқалардан қалыспай пайдалы келiсiм-шарттар жасады.
Талха ертеден қара кешке дейiн жан-жақтан, барлық аймақтардан қаптап келiп жатқан адамдары көп базарда күн өткiздi. Мiне, осы жерде оның өмiр жолын өзгерткен оқиға болды.
Қане, осы бiр әсерлi тарихты бiзге айтып берген Талха Ибн Убайда Алланың өзiне сөз берейiк.
Иә, сонымен Талха былай дедi:
– Бiр күнi бiз Басрада базарда болған кезiмiзде, бiр христиан монахы елге жар салды.
– Көпестер! Бұл жерде Меккеден адамдар бар ма екен? – дедi ол. Мен жақын жерде тұрған едiм, жылдамдата басып жанына жеттiм. – Иә, мен меккелiкпiн, – дедiм сонан соң.
– Сендердiң орталарыңда Ахмад деген кiсi пайда болды ма? – деп сұрады ол. – Абдолла Ибн Әбдi Муталибтiң ұлы. Ол осы айда шығу керек. Ол Пайғамбарлардың ең соңғысы. Ол сендердiң Мекке деген жерлерiңнен шығып, су толған қара жартасты, пальмаларды, батпақты мекен етедi. Соған қарай асыққанның жөн, жiгiт!
Талха әңгiмесiн жалғады… Монахтың айтқаны менiң жүрегiме от тұтандырып жiбергендей болды. Жалма-жан түйеме жетiп, жолға дайындалдым. Сөйтiп керуендi тастап, Меккеге асықтым. Қалаға жетiсiмен, елден сұрай бастадым.
– Бiз кеткен соң Меккеде қандай оқиға болды? – дедiм.
– Иә, Мұхаммед Ибн Абдолла өзiн Пайғамбармын деп хабарлады, ал Ибн Әбу Кухафа Әбу Бәкiр оның жолын қуушы атанды.
– Мен араласуға жағымды, келбеттi адам саналатын Әбу Бәкiрдi жақсы бiлетiнмiн. Ол көргендi, адал көпес болатын. Бiз онымен достасып, жиналыстарда бiрге болуды жақсы көретiнбiз. Ол құрайштардың тарихын жақсы бiлетiн, тiптi ру шежiресiн де жақсы талдайтын.
– Мұхаммед Ибн Абдолла Пайғамбар атанып, сен оның жолын қуғаның рас па? – деп сұрадым мен одан.
– Иә, солай, – дедi ол. Сонан соң ол маған Пайғамбар туралы әңгiме бастап, маған өздерiне қосылуын өтiндi. Мен Әбу Бәкiрге монах туралы айтып ем, ол қатты таңданып:
– Жүр, Мұхаммедке бiрге барайық. Сен жаңағы оқиғаны айтып бер, ол саған Аллаһ Та`аланың дiнiне қалай кiрудiң жолын түсiндiредi” – дедi ол.
Талха әңгiмесiн әрi қарай жалғастырды.
– Бiз Әбу Бәкiр екеуiмiз Мұхаммедке бардық. Ол маған Ислам дiнiне кiрудi ұсынды. Құранның кейбiр аяттарын оқып, бұ дүние мен о дүниенiң жақсылықтарына жетуiме көмектесуге уәде бердi.
Аллаһ Та`ала менiң жаныма шуағын төгiп Исламға бағыттады, мен оған Басра монахы туралы әңгiмеледiм. Менiң әңгiмемнiң Мұхаммедке қуанышты әсер еткенi оның жүзiнен бiлiнiп тұрды. Мен олардың алдында Аллаһтан басқа Тәңiрдiң жоқ екенiн, Мұхаммедтiң Аллаһтың Елшiсi екенiн мойындадым. Сөйтiп мен Әбу Бәкiрдiң үгiттеуiмен Ислам дiнiн қабылдаған төртiншi адам болып шықтым.

Жас құрайыштың Ислам дiнiн қабылдауы оның туған-туыс, ағайындарына жай оты түскендей әсер еттi.
Бәрiнен бұрын бұған шәт-шәлекейi шығып, қайғы-мұңға берiлген оның анасы едi. Ол өз ұлының мейiрбандылығымен өзiнiң халқының көсемi болатынына сенетiн. Талханың тайпаластары оны жаңа дiннен бас тартқызуға әрекеттенiп баққанда, олар оның шайқалмайтын алып тау сияқты сертiнен қайтпасына көздерi анық жеттi. Өз ықтиярымен оны көндiре алмай түңiлген олар ендi жазалау мен қинауға кiрiстi.
Масуд Ибн Хараш былай дейдi:
– Мен әс-Сафа мен әл-Маруаның арасымен жүгiрiп өткен кезде қолдары мойнына байланған жiгiттiң артынан ерген көп адамдарды көрдiм. Олар жiгiттi итере жүрiп арқасынан, басынан соғып жатты. Оның iшiнде бiр қартаң әйел де бар едi. Ол қатты дауыстап, жазаланушыға ұрсумен болды.
– Бұл жiгiт кiм? – деп сұрадым мен.
– Бұл Талха Ибн Убайдулла. Өз дiнiнен бас тартып, қай-қайдағы хашимдiктiң соңынан ердi, – дедi ол жауап қайтарып.
– Ал мына артынан ерген кемпiр кiм?
– Ол мұның анасы әс-Са`аба Бинт әл-Хадрами…
“Құрайштың арыстаны” атанған Науфал Ибн Хуалид оны Шындық Иесi Әбу Бәкiрмен бiрге арқанмен таңып байлап, екеуiн меккелiк бұзықтардың еркiне тастап қатты қинауға ерiк бердi. Осы себептен де Талха Ибн Убайда Алла мен Шындық иесi Әбу Бәкiр “қосақталған” деген лақап ат алды.

Күндер өз кезегiмен өтiп жатты. Оқиғалар әдеттегiдей бiрiн-бiрi алмастырып, уақыт өткен сайын Талха Ибн Убайдулла ес кiрiп , ер жетiп Аллаһ Та`аланың жолындағы және Оның Елшiсiнiң құрметiне сай жұмыстары ауқымдана түстi. Талханың дiн жолындағы iстерi, Ислам мен мұсылмандарға берiлгенi сонша, адамдар оны “тiрi шахид” деп атай бастады. Ал Аллаһтың Елшiсi, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, оны мейiрбан, жомарт және қайырымды Талха деп атады.
Осы абыройларды иеленуге оның тамаша өмiр өнегелерi себебiн тигiздi. Олардың әрқайсысы бiр-бiрiнен өтетiн оқиғалар едi.
Талханың “тiрi шахид” атануының өз тарихы бар. Ухуд түбiндегi шайқаста мұсылмандар Аллаһтың Елшiсiнен бас тартып, Талхамен бiрге тек он бiр ансарлар қалды, ал мухаджирлерден Талха Ибн Убайда Алланың өзi ғана қалған едi.
Пайғамбар өзiнiң серiктерiмен тауға көтерiлгенде, оларды Аллаһтың Елшiсiн өлтiруге бекiнген бiр топ мұнафиқтар қуып жеткен болатын.
– Мына құдайсыздардың шабуылын кiм тойтарады? Сол менiң жұмақта серiгiм болады – дедi Пайғамбар.
– Мен бармын, О, Аллаһтың Елшiсi, – дедi Талха суырылып шығып.
– Жоқ, сен орныңда қал, – дедi Пайғамбар.
– Онда мен тойтарамын – дедi ансарлардың бiрi.
– Мақұл, кiрiс, – дедi Пайғамбар.
Әлгi ансар өзi өлгенше қарсыластарымен жан аямай шайқасты. Аллаһтың Елшiсi өзiнiң серiктерiмен тауға қарай жолын жалғастырған едi, бiрақ мұнафиқтар қайта қуып жеттi. – Шабуылды қайтаратын тағы кiм бар? – деп дауыстады Пайғамбар.
– Мен бармын, Аллаһтың Елшiсi, – дедi Талха.
– Жоқ, сен орныңда қал, – деп бұйырды Пайғамбар.
– Онда мен барамын – деп өтiндi ансарлардың бiрi. – Жарайды, кiрiс, – дедi Пайғамбар.
Ансардан шыққан сарбаз ажал жеткенше ерлiкпен шайқасты.
Пайғамбар тағы да биiкке қарай жолын жалғастырып едi, жаулары оларды тағы қуып жеттi.
Ол тағы да сұрағын қайталап едi, Талха әдеттегiдей:
– Мен барамын, О, Аллаһтың Елшiсi, – деп жауап бердi. Бiрақ Пайғамбар бұл жолы да Талхаға ұрысқа кiруге тыйым салды. Тағы да бiр ансар жауынгерге рұқсат берiлдi. Осылайша ансардың жауынгерлерi түгел өлiп, Пайғамбардың жанында тек Талха ғана қалды. Сөйтiп Мәжусилер тағы да қуып жеткенде Аллаһтың Елшiсi:
– Ал кезек ендi сенiкi, – дедi.
Аллаһтың Елшiсiнiң алдыңғы тiсi сынып, маңдайы жарылып, ернi жараланып, жүзiн қан жуып кеттi. Ол өзiнiң қатты шаршағанын сезiне бастады. Мұнафиқтарға қарсы айқасқан Талха оларды Аллаһтың Елшiсiнiң маңынан қуып тастап, Пайғамбарды арқасына көтерiп тауға қарай көтерiле бердi. Бiраз уақыттан кейiн ол Пайғамбарды жерге түсiрiп, мұнафиқтардың шабуылын тағы тойтарды.
Мұнафиқтардың бетiн қайтарғанша бұл тiрлiк қайталана бердi.
Әбу Бәкiр әңгiмелейдi:
Бұл уақытта Әбу Убайда Ибн әд-Джаррах және мен Аллаһтың Елшiсiнен едәуiр алыста едiк. Бiз оған жүгiрiп жетiп, көмектеспек болғанымызда ол:
– Менi тастап жолдастарыңа асығыңдар. Жолдас дегенi Талха едi. Бiз оған жақындап келгенде оның денесiнде жетпiстен аса қылыштың, найзаның, жебенiң салған жарасы бар едi. Қолының саусағы кесiлiп, ол кеудесiнде жан жоқ, бiр шұңқырда жатқан болатын.
Сол кезде Пайғамбар: “Өзi өлгеннен кейiн де, сенi жер басып жүрiп келе жатқан адамның түрi қуантса, онда Талха Ибн Убайдуллаға қарасын”, – дедi.
Ухудтағы ұрысты әрдайым есiне алған кезде Шындық иесi: – Бұл күн Талханiкi болды, – дейтiн.
Талха Ибн Убайдулланың “тiрi шахид” деп атануының тарихы осы едi.

Ал оның “Жомарт” және “Қайырымды” атануы жөнiнде жүз бiр әңгiме айтуға болады.
Талханың өте iрi, бай көпес болғаны белгiлi. Бiр күнi оған Хадрамаудтан жетi жүз мың дирхем ақша келедi. Бүкiл түн бойы Талха өзiн қорқыныш пен қайғы құшағында өткiзедi.
Оған шындық иесi Әбу Бәкiрдiң қызы, өз әйелi Умм Кулсум кiрiп, түрiн көрiп:
– “О, Әбу Мұхаммед, саған не болған?!! Әлде бiздiң бiреуiмiз саған жамандық жасадық па?” – деп дауыстап жiбердi. – Жоқ, – дедi Талха.
– Сен тек мұсылманға ғана әйел болатын жақсы жансың. Мен түнiмен мазаланып, өзiме өзiм сұрақ қоюмен болдым.
– Үйiнде соншама байлық болып, тыныш ұйықтаған адам, өзiнiң билеушiсi туралы не ойлар екен?
– Ол үшiн несiне мазасыздандың? – дедi әйелi, – сен неге өзiңнiң кедей және бақытсыздыққа ұшыраған тайпаластарыңды ойламайсың. Ертең ақшаңды соларға бөлiп тарат…
– Саған Аллаһ Та`аланың рақымы жаусын, – деп Талха дауыстап жiбердi – Сен тапқыр және жолы болғыш әйелсiң, жолы болғыш әкенiң қызысың…
Ертеңiне ертемен Талха ақшаларды бөлек-бөлек қалтаға салып мухаджирлер мен ансарлардың кедейлерiне таратты.
Бiрде Талха Ибн Убайдуллаға бiр адам келiп, өзiнiң туыс екенiн айтып, одан заттай көмек сұрайды.
– Бұрын маған ешкiм мұндай туыстың барын айтпапты. Менiң меншiктi жерiм бар. “Оған Осман Ибн Аффан үш жүз мың берiп отыр. Егер алғың келсе жердi иемден, әйтпесе оны сатып үш жүз мың дирхемдi алып саған беремiн – дедi ол.
– Мен ақшалай алайын, – дейдi келген адам. Талха оған осы ақшаны бердi.
Аллаһтың Елшiсiнiң, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, оған берген “жомарт” және “қайырымды” деген атақтары оның сауабын арттыра берсiн.

© Шапағат-Нұр

Advertisements

3 Responses to Талха Ибн Убайдулла

  1. Акнур айтады:

    Сол кезде Пайғамбар: “Өзi өлгеннен кейiн де, сенi жер басып жүрiп келе жатқан адамның түрi қуантса, онда Талха Ибн Убайдуллаға қарасын”, – дедi. Маган осы сойлемнин манин теренирек тусиндирсениздер екен!

    • zhasqazaq айтады:

      Бiз оған жақындап келгенде оның денесiнде жетпiстен аса қылыштың, найзаның, жебенiң салған жарасы бар едi. Қолының саусағы кесiлiп, ол кеудесiнде жан жоқ, бiр шұңқырда жатқан болатын.

      Деген жерде барлығы да Талха шахид болып кеткен екен деп ойлады тіптен Пайғамбар да (оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) солай ойлады, бірақ Алланың жазғаны болар Талха тірі болып шықты. Бұл сөз сонда Мұхаммедтің (оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) досының тірі екенін көріп қуанып айтқан сөзі екен. Осыдан соң жұрт Талха Ибн Убайдулланы (оған Аллаһ разы болсын) тірі шахид деп атап кекен екен. Иншалла, осыған байланысты қосымша мәліметтер болса осында жазармын.

    • zhasqazaq айтады:

      Жалпы сахабалар тарихын оқып отырсаң таң-тамаша болып иманың арта түседі әрі әр кезде сахабаларға қойылған аттардың қызықты тарихтарымен танысасың. Алдында Әбу Хурайраның тариханда да осы тақырып болған. Тағы да «қос қанатты (әлде қанатты)», «қос белдікті», «сыддық (өте шыншыл)» деген атқа ие болған сахабалар бар. Толығырақ Пайғамбар сирасы мен Сахабалар тарихынан табуға болады, иншалла.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: