Әбу Хурайра ад-Дауси

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын

“Әбу Хурайра Ислам халықтары
үшiн Аллаһтың Елшiсiнiң алты
мыңға жуық хадисiн сақтаған”
(Тарихшылар)

NamazСiздiң, әрине, Аллаһтың Елшiсiнiң, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, жолын қуушыларының iшiндегi мұндай жарық жұлдызды бiлетiнiңiзге күмәнданбаймын.
Иә, тiптi Ислам халықтарының iшiнде Әбу Хурайраның есiмiн бiлмейтiн адам iздесеңiз табылар ма екен? Исламға дейiнгi надандық дәуiрiнде ел оны Әбдi Шамс деп атайтын. Аллаһ Та`ала оны Исламмен қадiрлеп, Пайғамбармен кездестiруге сәтiн түсiрген кезде, Аллаһтың Елшiсi, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, одан:
– Есiмiң кiм? – деп сұрады.
– Әбдi Шамс, – дедi ол.
– Ендi сенiң есiмiң Абдурахман, – дедi Пайғамбар.
– Мақұл, Абдурахман болсын! О, Аллаһтың Елшiсi әкем мен шешемнiң өмiрiмен ант етемiн, – деп дауыстады ол.
Ал Әбу Хурайра (мысық) деген есiмнiң қойылуы, оның бала кезiнде кiшкентай мысығы болып, онымен ойнауды өте жақсы көргендiгiнен екен. Сол кезден бастап құрдастары оған Әбу Хурайра деген лақап айт қойыпты.
Бұл лақап ат халыққа тарап, құлаққа сiңiстi боп кеткенi соншама, оны өзгертуге тура келiптi. Күнделiктi қиын-қыстау тiрлiгi оны Аллаһтың Елшiсiмен байланыстырғанда, ол оған сүйiнiп, әрi әзiлдеп оны Әбу Хирр деп атайтын. Ол Әбу Хирр деген жаңа атын бұрынғы аты Әбу Хурайрамен салыстыра бастайды. Ол оны былай түсiндiредi:
– Өзiм аса құрметтеп жақсы көретiн Аллаһтың Елшiсi менi осылай атайды. Хирр деп еркек мысықты атайды, яғни бұл еркектiк түрдегi зат есiм, ал Хурайра деп ұрғашы мысықты атайды. Бұл әйелдiк түрдегi зат есiм. Ал еркектiк түр, әрине әйелдiктен көп артық, – дейдi ол.
Ислам дiнiн Әбу Хурайра ат-Туфайл Ибн Амру ад-Даусиден қабылдады. Ал Һижрадан кейiн ол тағы да алты жыл Даус тайпаларымен тұрып, одан кейiн өзiнiң бiр топ тайпаластарымен бiрге Мәдинаға Аллаһтың Елшiсiне аттанды. Даус тайпасының жас жiгiтi өзiн Аллаһтың Елшiсiне қызмет етуге арнады және онымен жақын араласты. Оның тұрақты орны мешiт едi. Пайғамбар оның оқытушысы мен имамы болды.

Аллаһтың Елшiсi, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, тiрi кезiнде Әбу Хурайрада әйел де, бала да болған жоқ, тек мәжуси дiнiндегi қарт анасы бар едi. Анасын аяп, өте жақсы көретiндiктен Әбу Хурайра оны табанды түрде Ислам дiнiн қабылдауға шақырды. Бiрақ анасы айтқанынан қайтпады, өз жолымен жүре бердi.
Әбу Хурайра оны үйде қалдырғанда жүрегi сыздап, мұңға батады.
Бiр күнi Әбу Хурайра анасын Аллаһ Та`ала мен Оның Елшiсiнiң дiнiн қабылдауға тағы шақырды. Бiрақ анасы Пайғамбардың атына қатты-қатты сөздер айтып, ол Әбу Хурайраға дерттей ауыр тидi, қатты қайғыға түсiрдi.
Осылайша қайғы жамылған ол Аллаһтың Елшiсiне, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, барды.
– О, Әбу Хурайра, сенiң жаныңды не ауыртты? – деп сұрады Пайғамбар.
– Мен анамды жалықпай Ислам дiнiн қабылдауға шақырамын, ол қасарысып келiспейдi. Бүгiн мен оны тағы да шақырым ем, ол сенiң атыңа жаман-жаман сөздер айтты. Аллаһ Та`алаға жалбарыншы. Ол Әбу Хурайраның анасының жүрегiн Исламға қарай бұрғызсын, – дедi ол.
Аллаһтың Елшiсi, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, оның өтiнiшiн қабылдап Тәңiрге жалбарынды.
– Мен үйге оралғанда есiктiң ашық тұрғанын, судың сылдыраған дауысын естiдiм. Ендi үйге ене берiп едiм:
– Орныңнан қозғалма! – деген анамның даусын естiдiм. Сонан соң киiнiп салтанатты түрде:
– Кiр! – деген дауысын құлағым шалды. Мен үйге кiрген кезде ол:
– Аллаһ Та`аладан басқа Тәңiр жоқ екенiн, Мұхаммед оның құлы әрi Елшiсi екенiн айғақтаймын, – дедi ол.
Мен көзiме жас толып Аллаһтың Елшiсiне қайта оралдым. Әлгiндегi көз жасым мұң мен қайғыны бiлдiрсе, бұл жолғысы қуаныш пен бақыттың жасы болатын.
– О, Аллаһтың Елшiсi, қуаныңыз! Аллаһ Та`ала сенiң тiлегiңе құлақ асты. Әбу Хурайраның анасы Исламның ақ жолына түстi, – деп дауыстадым.

Әбу Хурайра Аллаһтың Елшiсiн, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, жан-тәнiмен жақсы көрдi. Ол ешқашан Пайғамбарды сүюдi тоқтатқан емес, әрi: “Мен ешқашан мынандай өте ғажап және тамаша бейненi көрген емеспiн. Ол Аллаһтың Елшiсiнiң кескiнi”, дейтiн.
Әбу Хурайра ең құдiреттi және ең мейiрбан Аллаһ Та`аланы өте құрметтеп, мақтайтын. Өйткенi Ол оған Пайғамбардың серiгi болуды және оның дiни қолдаушысы болу бақытын сыйлады. Әбу Хурайра: “Әбу Хурайраны Исламға бағыттаған Аллаһ Та`аланың даңқы артсын! Әбу Хурайраны Құран оқуға үйреткен Аллаһ Та`аланың даңқы артсын!”

Әбу Хурайраға Мұхаммедтiң серiгi болу бақытын сыйлаған Аллаһ Та`аланың даңқы арта берсiн!” деп дауыстайтын.
Әбу Хурайра Аллаһтың Елшiсiн, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, жақсы көргеннен бастап, бар ниетiн бiлiм мен ғылымға аударды. Ол оқуды өзiнiң басты әдетi, әрi барлық алға iлгерiлеуiнiң құралы еттi. Зайт Ибн Сәбит былай дедi:
– Бiрде мен, Әбу Хурайра және бiр жолдасымыз мешiтте болып, Құдiретi күштi Аллаһ Та`аланы еске алып, Оған дұға оқыдық. Сол кезде мешiтке Аллаһ Та`аланың Елшiсi, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, кiрiп, бiзге жақындап жанымызға отырды. Бiз үнсiз қалып едiк ол: “Әрi қарай жалғастырыңдар” деп өтiндi. Мен және менiң жолдасым Әбу Хурайрадан бұрынырақ Аллаһ Та`алаға дұға оқып жатқанда, Аллаһтың Елшiсi бiздiң әрбiр дұғамыздан соң “Әмин” деп отырды. Бiзден кейiн Аллаһ Та`алаға арнап Әбу Хурайра дұға оқыды да, ол өзiнiң қайырымында:
– О, Тәңiр, мен Cенен жолдастарымның өтiнгенiн, сондай-ақ маған ұмытылмайтын бiлiм беруiңдi өтiнемiн, – дедi.
– Әмин, – дедi Пайғамбар оны қостап.
– Бiз де Аллаһ Та`аладан ұмытылмайтын бiлiм берудi өтiнемiз, – дедiк.
– Бұл ретте сендерден мына Даус тайпасының қарапайым адамы озып кеттi, – дедi Пайғамбар, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам.

Әбу Хурайра бiлiмге ұмтылумен бiрге, басқалардың да оқығанын қолдаушы едi.
Бiрде Әбу Хурайра Мәдина базарынан өтiп бара жатып, адамдардың толассыз тiршiлiк iстерiне ықылассыз қарап тұрды. Олар бiрдеңенi сатып, бiрдеңенi сатып алып, жыбыр-жыбыр тiршiлiкке енiп кеткен едi. Әбу Хурайра елге бұрылып:
– О, мәдиналықтар! Неткен дәрменсiзсiңдер, – дедi.
– О, Әбу Хурайра, бiздiң дәрменсiздiгiмiздi қайдан көрiп тұрсың, – дедi адамдар.
– Мұхаммедтiң мұрасын бөлiп жатыр. Ал сендер мұнда жүрсiңдер. Сендер өздерiңнiң еншiлерiңдi алғыларың келмей ме?
– О, Әбу Хурайра. Ол қайда? – дейдi адамдар.
– Мешiтте, – дейдi ол жауап берiп.
Ел мешiтке қарай жөнелдi. Әбу Хурайра оларды күтiп тұрып қалды. Бiраздан соң жұрт мешiттен оралып, оны көрiп:
– О, Әбу Хурайра бiз мешiтке барып, бөлiске түсiп жатқан ешнәрсенi көре алмадық – деп шуласты.
– Ал сендер ол жерде ешкiмдi көрген жоқсыңдар ма? – деп сұрады Әбу Хурайра.
– Жоқ, – дейдi олар. – Бiз бiреулердiң намаз оқып, ендi бiреулердiң Құран оқуға ден қойғанын, ал үшiншiлердiң Аллаһ Та`алаға күнәсiн кешiрудi сұрап, жалбарынып жатқанын көрдiк…
– Сорларың қайнасын! Сендердiң сол айтып тұрғандарың Мұхаммедтiң мұрасы емес пе!? – дедi Әбу Хурайра.

Бiлiмге деген ынтызарлығы, әрқашан Аллаһтың Елшiсiнiң жиналысынан қалмайтыны Әбу Хурайраны көбiне аш қалдырып қиындыққа душар ететiн. Мұндайды ешкiм басынан өткермеген де шығар.
Ол өзi туралы былай дейтiн: “Кейде аштықтан жаным күйзелгенде, Аллаһтың Елшiсiнiң сахабаларының бiрiн, өзiм бiлiп тұрсам да, түсiндiруiн өтiнушi едiм, ондағы ойым солардың бiрi менi үйiне апарып тамақтандырса дегендiк.
Бiрде ашыққаным сонша iшiме тас байлап алдым. Сөйтiп егiстiк жолдың жиегiнде әрi-берi өтетiн Аллаһтың Елшiсiнiң сахабаларын күттiм. Бiр сәт Әбу Бәкiр жанымнан өтiп бара жатқанда одан Құранның бiр аятын түсiндiруiн өтiндiм. Ондағы ойым ол менi үйiне шақырар деп едiм бiрақ ол өйтпедi.
Бiр кезде менiң жанымнан Омар Ибн әл-Хаттабтың баласы өтiп бара жатқанда тоқтатып, одан да бiр аятты түсiндiрудi сұрадым, ол да менi үйiне шақырмады. Түптiң түбiнде менiң қасымнан Аллаһтың Елшiсiнiң, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, өзi өттi. Ол менiң аш екенiмдi бiрден түсiндi.
– Әбу Хурайра, – дедi ол шақырып.
– Мен алдыңда тұрмын, О, Аллаһтың Елшiсi, – дедiм. Сөйтiп оған ерiп, онымен бiрге үйiне кiрдiм. Сауыттағы сүттi көрген Пайғамбар үй-iшiндегiлерден:
– Мынаны қайдан алдыңдар? – деп сұрады.
– Оны бiреулер саған берiп жiберiптi, – дедi олар. Пайғамбар маған бұрылып:
– О, Әбу Хурайра, барып мешiттегi кедейлердi шақырып кел – дедi. Менi оның кедейлерге жiбергенi күйiндiрдi. “Бұл сүт мешiттен пана тапқан барлық кедейлер мен бақытсыздыққа ұшырағандарға талшық бола ма?” дедiм iшiмнен күбiрлеп.
Менiң мешiттегi кедейлерге аттанар алдында сүттен бiр жұтып, әлденiп алғым келгенi жалған емес едi. Мен барлық кедейлердi шақырып, олар маған ерiп келiп Аллаһтың Елшiсiнiң, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, үйiнде отырғанда ол:
– Әбу Хурайра, мына сүттi аналарға бершi, – дедi.
Мен кезекпен олардың әрбiрiне сүт берiп, олардың ыдыстарын Аллаһтың Елшiсiне ұсындым.
Ол маған қарап күлiмсiредi де:
Сенiң сорың қайнады-ау, – дедi ол. – Бiз ендi екеуiмiз-ақ қалдық.
– Сiздiкi жөн, О, Аллаһтың Елшiсi, – дедiм мен.
– Онда сен бастап iш, – дедi Пайғамбар. Мен iше бастаған сайын ол “тағы да iш, тоқтама” дей бердi. “Ант берейiн, мен өзiмдi тойдырдым” дедiм мен. Сол кезде Пайғамбар сауытты алып, қалған сүттi тауысып iштi…”
Содан аз уақыт өтпей-ақ мұсылмандар көптеген игiлiкке жеттi. Әскери жорықтардың нәтижесiнде бай олжаны иелендi. Әбу Хурайраның ақшасы, үйi, мүлкi, әйелi, баласы болды.
Бiрақ өзiнiң мейiрбан табиғатын өзгертпедi. Оны өткен уақыттағы қасiреттi күндерi ұмытпауға мәжбүр еттi.
– Мен жетiм, үйсiз қаңғыбас болып өсiп, бiр тiлiм нан үшiн Буср Бинт Өазауанның қарауында еңбек еттiм. Түйелерiне қарадым. Тәңiр қалап едi, мен оған үйлендiм”, – деп жиi айтатын.
Дiндi негiз және тiрек етiп, Әбу Хурайраны имам жасаған Тәңiрдiң даңқы арта берсiн!

Мағауия Ибн бу Суфиан Әбу Хурайраны бiрнеше рет Мәдинаға басқарушы етiп тағайындады. Билiк иесi болуы оның мейiрбан мерзiмiне iзгi жандылығына ешқандай әсер етпедi.
Бiрде Әбу Хурайра Мәдина қаласын басқарып тұрған уақытында буылған шөпшектi арқалап көшемен келе жатады. Оған Саалаба Ибн Мәлiк кездеседi. Әбу Хурайра:
– О, Ибн Мәлiк, әмiрге жолды босат, – дедi.
– Саған Аллаһтың рақымы жаусын. Басқа ашық жер саған жетпей ме? – дедi Ибн Мәлiк.
– Әмiрге жолды босат сақшы, – дедi Әбу Хурайра тағы да өтiнiп. – Және де арқасындағы буылған шөпшекке де…

Жан-жақты кең бiлiмiмен, мейiрбандылығымен ерекшеленетiн Әбу Хурайра тақуалығымен де, әдiлдiгiмен де көзге түскен адам. Ол күндiз ораза ұстап, түннiң бiрiншi бөлiгiнде ұйықтамайтын, одан әйелiн оятып, ол түннiң екiншi бөлiгiнде көз iлмейтiн, содан әйелi қызын оятып, ол түннiң қалған бөлiгiн бастан өткеретiн. Осылайша Әбу Хурайраның үйiнде түнi бойы Тәңiрге құлшылық етiлетiн.

Әбу-Хурайраның судандық қара түстi күңi болды. Ол қожасын да ренжiтiп, туыстарын да бей-берекетiн қашырып, мазасын алатын. Әбу Хурайра оны жазаламақ болып қамшы сiлтемекке ыңғайланып барып тоқтады да:
– Егер Қиямет күнгi жаза болмағанда, бiзге жасаған қиянатың үшiн жақсылап таяқ жейтiн едiң. Одан да мен сенi жақсы пұл берушiге сатайын. Өйткенi маған пұл өте қажет болып тұр. Ендi кете бер. Ең мықты және шексiз құдiреттi және шексiз ұлық Аллаһ Та`ала алдында басың азат, – дедi ол.

Бiрде Әбу Хурайраның қызы әкесiнен:
– Әке, қыздар: – Әкең саған неге алтын әшекейлер сыйламайды”, – деп таңданып сұрады, – дедi.
– Қызым, оларға: “Менiң әкем тозақтың отынан қорқады” – деп жауап бер”, – дедi Әбу Хурайра.
Әбу-Хурайра өзiнiң қызына алтын әшекейлердi сараңдығынан сыйламай жүрмеген едi.

Ол өте жомарт және мейiрбан болатын, өзiнiң байлығын Аллаһ Та`аланың жолына жұмсаған адам едi. Бiрде оған Маруан Ибн әл-Хакам жүз алтын динар жiбередi. Бiрақ ертеңгiсiн оған Маруаның хабаршысы келiп оған:
– Менiң жiберген қызметшiм саған ақша ұсынып, үлкен қателiк жiберiптi. Бұл динарлар саған емес, басқа адамға арналған едi, – дейдi.
Әбу Хурайра қатты абыржып, жердiң тесiгiне кiрiп кетуге даяр едi.
– Мен ол ақшаны Аллаһ Та`аланың жолына таратып жiберiп едiм. Қазiр менде бiр динар да жоқ. Маған қазынадан ақша бөлген кезде, Маруан соны алсын.
Маруан бұл тiрлiктi Әбу Хурайраны сынау үшiн жасаған едi. Мәселенiң бәрi түсiнiктi болған соң, ол Әбу Хурайраның iсiнiң дұрыс екенiн мойындады.

Өзiнiң барлық өмiрiнде Әбу Хурайра анасына үлкен инабаттылықпен, сүйiспеншiлiкпен қарады.
Әрқашан ол үйiнен шығарда анасының бөлмесiнiң есiгiнiң жанына тоқтап:
– Анашым, саған тыныштық тiлеймiн. Аллаһ Та`аланың саған құрметi мен оның рақымы жаусын, – дейтiн. Оған анасы:
– Саған да тыныштық тiлеймiн, ұлым. Аллаһ Та`аланың құрметiн иелен, оның рақымы түссiн, – деп жауап қайтаратын.
– Аллаһ Та`ала саған, кiшкентайдан менi өсiргенiң үшiн рақымшылық берсiн, – деп сөзiн жалғастыратын Әбу Хурайра.
– Саған да Аллаһ Та`ала маған деген қайырымдылығың үшiн нұрын төксiн, – дейтiн анасы.
Үйге қайтып келгенде де Әбу Хурайра жүрек тербейтiн осы сөздердi тағы қайталайтын. Әбу Хурайра әрқашан барлық адамдарды ата-анасына мейiрiмдi, қайырымды болуға шақыруға ұмтылатын.
Бiр күнi бiрiнен-бiрiнiң жасы үлкен екi адамды кездестiрiп: – Мына адам саған кiм болады? – деп сұрады ол кiшiсiнен.
– Ол менiң әкем, – деп жауап бердi бейтаныс.
– Оның есiмiн атаушы болма, – дедi Әбу Хурайра, – оның алдында жүрме, ол отырғанша отырма!

Әбу Хурайраға өлiм сәтi жақындағанда еңiреп жылады.
– Сен неге қайғырасың, О, Әбу Хурайра, – дептi кiсiлер.
– Мен бұл өмiрдi жоқтап отырған жоқпын. Мен алдымдағы ұзақ сапарымды және бұ дүниеде жинаған сауабымның аздығын ойлап жатырмын, – деп жауап қайтарыпты ол. – Өмiрдiң жолы бiткен жерiнде тұрмын. Жұмаққа әлде тозаққа баратыным белгiсiз…
Оның көңiлiн сұрай барған Маруан Ибн әл-Хакам:
– Аллаһ Та`ала сенi сауықтырсын, О, Әбу Хурайра, – дедi. Сонда ол былай деп жауап қатты:
– О, Құдайым, мен Сенiмен кездесуге асығамын! Бұл кездесудi тездете көр!
Маруан үйiне кетiсiмен Әбу Хурайра көз жұмыпты. Аллаһ Та`ала Әбу Хурайраға үлкен рақымшылық жасады. Ол мұсылмандар үшiн Аллаһтың елшiсiнiң өмiрiнен жазылған алты мыңға жуық хадистер қалдырды артына.
Ислам мен мұсылмандарға жасаған жақсылығы үшiн, оған берiлер сыйлық та мол болсын!.

Advertisements

2 Responses to Әбу Хурайра ад-Дауси

  1. zhasqazaq - айтады:

    Ескерту:
    Бұл жазба © Шапағат-Нұр журналына не сол аттас сайтқа тиесілі болуы керек. Мақаланың авторы, авторлық құқығы жайлы ешнәрсе таппадым.
    Бұл мақаланы жариялағаным қандай да бір баспаның не сайттың құқығын бұзса хабарласуын өтінемін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: