Он алтыншы сөз

Абайдың қара сөздері – 16 сөз

… Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді.

Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?

Advertisements

One Response to Он алтыншы сөз

  1. abdu alim ospan айтады:

    Құрметті Жас қазақ баурым, Аллаһ Тағала сізге екі дүниенің бақытын берсін, пайғамбарымыздың с.ғ.с. жетпіс мың сұраусыз жәннатқа кіретін үмметінің қатарынан қылсын, ең үлкен бақыт Алланың жамалына ұшырасуыңызды тілеймін. Аллаға шүкір көптеген бауырларымыз ғылым меңгергелі Сауыдия, Египет, Африка сынды үлкен ислам орталықтарынан ілім меңгеріп келіп жатқандар көп, бірақ ілімі бар адамның өзінде тіл байлығы болмаса. Тісі жоқ қасқырдай болмай ма? Бөлтіріктерінің өзіне жегенін шайнап беруге азу тіс жетпесе ол үлкен кемшілік. Ал мына Абай аталарымыздың еңбектері тілдік лексиконды байытып, әрі ғылыми түрде адамның кемелденуіне қандай фокторлар әсер ететіндігін өте керемет айшықтап жазған Субханаллах. Алла сізге бергенінің берекетін берсін.
    Абай хәкім айтқандай:
    «Өлді деуге болама айтыңдаршы,
    өлмей тұғын артына сөз қалдырған» – дегені сынды мәңгілік мұраны жандандыруымыз қажет.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: