Он төртінші сөз

Абайдың қара сөздері – 14 сөз

Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі.

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та – жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау – ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры – әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.
Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі – пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?

Advertisements

4 Responses to Он төртінші сөз

  1. zhasqazaq айтады:

    «Абай болыңдар! Адамдардың денесінде бір кесек ет бар. Егер ол жақсарса, бүкіл дене жақсарады, егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Сақ болыңдар! Ол – жүрек

    (Буһари, Иман, 39; Муслим, Мусақат, 107)

  2. abdu alim ospan айтады:

    » …сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді».

    (Хұжырат сүресі 7 аят, 516 бет. Халифа Алтай аудармасынан).

  3. abdu alim ospan айтады:

    «Кім көрместен Рахманнан Иесінен қорықса, және оған бейім жүрекпен келсе.»Ұжмаққа аман – есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күн»(делінеді.)
    (Қаф сүресі 33,34 аят)

  4. abdu alim ospan айтады:

    Жүрегінде иненің ұшындай иманы бар адамды түптің түбінде жәннатқа, ал жүрегінде иенің ұшынтай тәккаппарлығы бар адамды түптің түбінде тозаққа айдаймын деген Жаратушы жанымыздың иесі Ұлық Алла. Адам баласының ең басты жауы Ібіліс бізден бұрын жаратылғандықтан және періштелерге дәріс беретіндей ілім меңгергендігі жайлы білетін боларсыздар. Адам себепті Алланың Рахимынан қуылғанда ол малғұн Аллаға уәде беді «мен адамдарды алдынан, артынан, оңынан және солынан келіп азғырғанда сен шүкір қылушы құлдардан таппайсың» деді. Алла бізге бұл малғұнның берген уәдесін Құранда өзі жеткізбесе біз оны қайдан білеті едік. Шын мәнінде біліндер қара көз бауырларым біз Алладан сақтанып отырған жоқпыз, Алла бізді өзінен сақтандырып отыр. Оның шексіз мейірімдігін қараңдаршы неткен жомар ол Алла еш нәсеге мұхтаж болмаса да кішкентай балаға кәмпит бергендей бізді еркелетіп менің жұмағым бар, сиым бар, хор қыздары мен еркетері бар мәңгілік жастық, зәулім сарайлар тағысын тағы. Ол Алланың мейірімінің шексіздігі сен Оны даттап, боқтап, не жаздым деп жоққа шығарып жатсаңда сені ырзықыз қалдырмады. Қандай заттан пайда болдың сен қара, ойлан осы екі заттан мен пайда болдым дегенге сенесің бе? Өй мал дейміз бір бірімізді сол малдардың темекі тартқанын, арақ ішіп жүргенін, наркаман болғанын, баласын тірі жетім етіп тастап кеткенін көрдіңдер ме? Миллионның ішінде бір мутант шығады олардан радияция және экологияға байланысты. Ал біздің адамдардың ұрпақтарың қараңдар, қаншама төрт қолды балалар, екі басты, он жеті бармақты сәбилер дүниеге келуде неге? Арақ – шарап, темекі, наркотик психотропты дәрілер жалпы Алланың жеме және ішпе деген заттарды пайдаланғанның пайдасы. Бүкіл затты Алла өзіндік өлшеммен жаратты бірақ Алланың лағнеті болғыр шайтан адамның денесінде бір тамшы қан болайын деп Алладан жалынып сұрады ондағы мақсат пенденің жүрегін қызылды жасылды дүниемен толтырып құдайға деген ғашықтықты оятпау. себебі Алла Құранда «адамның денесінде бір кесек ет бар, егер ол жаман болса бүкіл денесі жаман» деген ол жүрек, тағы бір аятта «мен сендердің намаздарыңа қарамаймын, тап сол заманға дейін қашан сендердің тілдеріңдегі Алла жүректеріңмен бірікпейінше» деген. Жоғарыдағы иненің ұшындай иман мен тәккаппарлық жайында пайғамбардың хадисін келтірген болатынбыз ол иманның да тәккаппарлықтың да орналасқан жерін Алла тағала өзі айтып сақтандырып отыр. Осы жайында Шәкәрім айтыпты Шын махаббат қылуға Шын сабырың жете ме? Көрінген әрбір сұлуға Көңілің тасып кете ме? Ондай болса таза ақыл Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл Жынданбаған пенде жоқ деп баянсызға бізді ғашық қылдырып отырған осы малғұн ол бұл ісін жүзеге асыру үшін адамның ең осал, жердің жаман сығындысынан жасалған нәпсі затын пайдаланды. Құранда Алла «егер менің құлым нені қатты жақсы көрсе мен оны соған құл етіп қоямын деген» расымен ақ ішімдікке құмар бауырларымыздың Алласына жығылуына бөгет болып тұрған арағы мен шарабы ғой, зинақордың ең жақсы көретін ісі зина болса оның бар ойлайтыны аталық немесе аналық мүшесінің ләззаты болғандықтан Жаратушы иесіне мойын ұсына алмайды, өйткені уәде берген малғұн ол істі басқасынан артық етіп құдайына қарсы қылып отыр. Ал Жаббар Алла «егер сендер маған қарай жүрсеңдер мен сендерге жүгіріп барамын» деген. Алла өзі сақтасын біз қандай құл болдық, Алла бізге қарай жүгіреді ал біз болсақ екі ақылсыз заттан түзелгенімізге қарамай құдайдан бездік. Райларыңнан қайтыңдар бауырлар, қорқыңдар құдайдан, жылаңдар Алладан тілеңдер Алла имандарыңды жүректеріңе сіңірсін. Ол бізді жаратқандықтан, біз туралы толық біледі ал біз Ол туралы не білеміз? Ең болмағанда білуге тырысамыз ба? Он сегіз мың ғаламға симайтын Алла «Мен момынның жүрегінде боламын» деген сонда осы жүрек мәселесін көтерген ҚАЗАҚ сахарасының майталмандары Әл Фараби, Қожа Ахмед Ясауи, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді ғұламалар жүрек ілімі жайында еріккеннен жазды деп ойлайсыздар ма? Түркістанның төрінде қазынасы ашылмаған әкесі Әзірет әлінің Мұхаммед Қанафия деген ұлынан тараған және анасы Фатима анамыздан тараған әзірет сұлтан Қожа Ахмед Ясауи деген қазынасы сақталған сандық жатыр оны ашып ішіндегі құран мен сүннеттен құйылған маржандай хикметтерін халыққа паш еткен Исматулла Мақсұм болатын оны жер аударып жібердік. Мың тұтам түтіні бар қазақ аулына әнші Жүсіпбек Елебеков келіп концерт берейін деп жатса залға үш адам ғана келіпті ауылдың әкімі қысылып бір кіріп бір шығып жүрсе Жүсіпбек атамыз әкім аға отырыңыз жүз керең құлақ тыңдағанша бір ерең құлақ тыңдасын деп екі сағат концерт қойған екен. Осы секілді бірақ біраз ілгері заманда Біржан сал Абай атамыздың ауылына келіп киізүйдің ішінде шырқатып ән салып отырса тыңдаушы балалардың барлығы біріненсоң бірі кетіп жалғыз Абай ғана қалып қойыпты. Біржан сал әнін айтып болғаннан соң Абай атамыз: «Біржан аға қазақта сіз секілді сал-сері тумай қалама деп қорқамын» дегенде, Біржан сал «Алты алаш аман болса мендей біржанды талай туар бірақ сен секілді тыңдаушы Абай тумай қалама деп қорқамын» деген екен сол секілді өлгеннен соң өкіріп жылағаннан бардың қадірін жердің қойнауына бермей тұрып білейік ағайын. Дана халқымыз айтады «Өтері өтіп кеткенсоң мың теңгелік қайғыдан бір теңгелік пайда жоқ» деп . Құрметті бауырлар Құран бірте бірте 23 жыл ішінде түскен кітап сол себепті оны біртіндеп меңгеру керек пайғамбарымыздың өзі қиындық қаламайтын халыққа, ал енді құдайға жылуға жалғыз басына таққан орамал, немесе иегіне қойған сақал ғана бөгет болатын болса, онда байламды тақпай ақ, сақалды қоймай ақ жығылыңдар әтпесе құдайдың ұлы күнінде масқараларың шығады екі нәрсеге бола. Мәңілік бақытынан айырмаңдар халықты. Алланы шынайы тану үшін зікір алқасынан орын алыңдар онда тек Алланы Ұлықтау ғана емес рухани сұхпаттар өтеді шынайы иман мәселесіне жеткеде байламды да, сақалды да біз айтпай ақ өздеріңіз мойындайсыздар әлі, ең бастысы жүрекке мән беріңдер.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: