МАХАМБЕТ БАТЫР

Махамбет

Туған ұлдан не пайда?

Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Әлпештеп қолда есірген
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса?
Алаштың байлығынан не пайда,
Құланнан басқа ел таппай,
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары даладан
Екіндіде құлаған
Тарығып келген ерлерге
Қайыры оның болмаса?
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда,
Қаріп пенен қасірге
Туралық ісі болмаса?

Заманындағы кiшi жүздегi батырлардың бәрi де Исатайға жолдас болған. Солардң бiрi Махамбет Өтемiсұлы болатын. Махамбет бастан аяққа дейiн қасында жүрген, жауымен жауласып, дауымен дауласып, өлiмге басын қиған Исатайдың қанды көйлек жолдасы. Махамбет берiш руынан, Жайық – Арыстан. Махамбеттiң атасы Өтемiс, Өтемiстiң атасы – Құлмәлi. Мәлi деген кiсi жауда қолға түскен тұтқын екен. Берiш Тумаш деген адамның балалары еншiлес қылып алған, өзiн – өзi қызылбастың Нәдiрше деген патшасының тұқымымын дейдi екен. Құлмәлiнiң тұқымынан би де, шешен де, әулие де шыққан деп қазақтар ұлықтайды. Өтемiс Айшуақтың, Бөкейдiң заманында қазақтың қабырғалы биiнiң бiрi болған. Махамбеттiң Бекмағанбет деген ағасы Жәңгiр ханның орда биiнiң бiрi болған, ханды жақтап, Исатай мен Махамбетке қарсы болған. Махамбеттiң өзi де жас кезiнде Жәңгiрдiң нөкерiнде екен. Исатай ханға қасы бола бастағаннан – ақ Исатайға ерiп кеткен. Махамбеттiң өзi әрi батыр, әрi жырау, әрi домбырашы болған, өте қызулы адам екен, әдiс шеберлiкке кем болса керек. Бағыт алған жағынан тайынбайтын қарыспа ер екен. Исатай жұртты ақылмен, дәлелмен, түрлi әдiспен соңына ертсе, Махамбет көптi қыздырып, көңiлiн аудартып ертетiн адмның түрi болған. Исатай ақсақалдармен, бас адамдармен ақылдасып, кеңесiп отырғанда, Махамбет айналасындағы үйлерде, ауылдарда қыдырып жүрiп өлең айтып домбыра тартып, жұртты қыздыратын едi дейдi – мыс. Махамбеттің мінезі сотқар, қалжыңқой, бетің-көзің демей ойына келгенін айтып салатын батыл болған. Жауласқан мезгілде өте батыр, айлакер болған. Бірде Бөкейлікте Бекайдар деген жерде Исатайды отыз жолдасымен орыстың отряды қамайды. Махамбет жолдастарымен мылтық атып, садақ атып, найза жұмсап, отрядты қайтарып, Исатайды екі жолдасымен шығарып жібереді. Исатай құтылған соң, Махамбет жолдастарымен орыстан қашады. Қуғыншылар соңынан қалмай қуып Махамбетті ұстауға таянады. Сонда Махамбет астындағы бұлық көпшікті жарып жіберіп, ішіндегі мамықты жақындап қалған қуғыншылардың көзіне шашып жіберіп құтылып кетеді. Махамбет мінезі Исатайдыкі секілді көптің басын құрастырып, бүтін елді соңынан жүргізетін мінез емес. Махамбет жақсы үндеуіш (агитатор), жақсы бастықтың қолында өте ыңғайлы қол басы. Ананы-мынаны істеп келге табылмайтын адам. Махамбеттің осындай екендігі тарихты тексергенде, елдің ауызындағы әңгімені тыңдағанда көрініп тұр. Исатай өлген соң-ақ Махамбет көпті ерте алмады. Исатайдың құрастырған елінен айырылып қалды. Бұған Исатайдың өлімі себеп болды. Көптің тауы қайтты. «Жорықтың алды оңбаған, арты да оңбас» деген пікір жұртты меңгерді. Махамбеттің мінезі де, Кенесарының жолдасы Наурызбайдың мінзі де тексере келгенде бір-біріне өте ұқсас келеді. Екеуінде де ерлік бар да , көпті ертетін тәсіл аз. Махамбеттің жыраулығы күшті болған. Махамбеттің сөзі көп болған. Көбі жойылған. Махамбеттің сөзінің ел ішінде көп жайылғаны Баймағанбет сұлтанға айтқаны. Ісін аяқтаймын деп Исатайдан кейін Махамбет біраз уақыт әуре болып жүреді. Бірақ елді біріктіре алмайды. Исатайдың жолдастарын. Оның ішіндегі Махамбет секілді батырларын ұста деген өкіметтің қатты бұйрығы шыққан. Махамбет ел ішінде жүре алмайтын болған. Махамбеттің ақыры ұсталуына көзі жеткен соң Байбұлының адамдары басы Үбі, Байнақ дегендер болып Махамбетті Баймағанбет сұлтанға алып барады. Баймағанбеттен өкіметке ұстап бермейтін қылып ел ішінде жүре беруге рұқсат алып береді. Билердің сөзін қабылдаған соң, Баймағанбет батырды үйіне шақырып танысады. Батыр үйге қару-жарағын тастамай кіреді. Баймағанбет батырдан «бір-екі ауыз өлең айтыңыз» деп өтініш қылады. «Менің сөзім сізге жақпас» деп батыр айта қоймайды. Баймағаебет қайта-қайта өтініш қылады. Сода Махамбет Исатайды жоқтап отырып, Байекні сыбап, белгілі өлеңін айтады. Байекенің қасыдағы жас төрелер батырдың сөзіне ашуланып қызған екен, «бұлай айтпаса Махамбет батыр бола ма, батырдың сөзін көтермесем мен хан болам ба?» деп Байеке оларды тоқтатыпты-мыс. «Ұялғаннан кірерге жер таба алмадық. Ханның бетіне қарай алмадық, кеткенше асық болдық» деп ертіп барушылар айтқан екен-мыс. «Сөзімді жарытпай бірдеңе десе со жерде Байекені қасындағы жолдастарымен жарып тастайын деп отыр едім» деп Махамбет соңынан айтыпты-мыс. Махамбетті бұлай қылмайды деп ешкім ойламаған, Байеке де бұны сезссе керек. Байекеден қайтқан соң Махамбет оралдағы ағайындарының арасыда жүреді. өкіметке, хандарға қарсы елді азғыруын қоймаса керек. Бір күні үйіне бір бөлек адамы мен досы Ықылас деген кісі келеді. Қонақ болып отырып Ықылас Махамбеттің өз қылышымен басын кесіп алады. Ықыласты азғырып өлтіруге жұмсаған Баймағанбет деп айтады-мыс. Батырдың басын апарып бергенде Байеке Ықыласқа айтыпты-мыс «өлтір деп жіберген жоқ едім, тірілей ұстап әкел деп едім, басты алып кет » деп. Махамбет қырық екі жасында 1845 жылан жылы өлді. Сүйегі сол кездегі Ібіліш уезі Дендер деген жердің күншығыс жағындағы Қараой деген жерде. Бір жылдаң соң Ықыластың көмген жерінен ағайындары Махамбеттің басын ұрлап әкеліп денесімен бірге көмген.

Халел Досмұхамедұлы.

Advertisements

2 Responses to МАХАМБЕТ БАТЫР

  1. zhasqazaq айтады:

    Қазақ батырларының ішінде Махамбетке ерекше бас иемін.
    Бұрынғы батырлардан аңыздар жетсе Махамбеттің өз сөзі жетті.
    Сондықтан бұрынғы өткен батырларды осы Махабеттей елестетемін.

  2. naqirus айтады:

    Мұрат Мөңкеұлы, Махамбет пен Исатайды Халелдікіне керісінше суреттейді. Әнес Сарайдың «Исатай мен Махамбет» кітабынан да, мінездеріндегі Халел айтқан қасиеттердің қарама-қайшылығын аңғаруға болады. Әбіштің «Шандоз» кітабын оқыңыз одан да, жақсы сараптама, нақ!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: