Көркем мінезге байланысты 9 хадис

1. Ғаммар ұлы Ясир радияллаһу ‘анһу: хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләм былай бұйырған: «Көркем мінез, Алланың мінезі. Ал Алланың ұлы мінезі: жұмсақтық, сабыр, айыптарды жасыру және құлдары тарапынан істелген кінәнің жазасын кешіктіру тәрізді үстем сипаттар». Хадисты Тәбәрәни және Кәбир аусатында риуаят еткен.

2. Мәлик радияллаһу ‘анһу: хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләмның: «Мен көркем мінездерді толықтастыру үшін жіберілдім» дегенін естіген екен. Хадисті Мәлик Муаттада риуаят еткен екен.

3. ‘Айша радияллаһу ‘анһә: хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләм: «Әй Алла! Жаратылысымды көркем еткенің сияқты, мінезімді де көркем ет!» деп дұға ететінді деді. Хадисті Имам Ахмад ибн Ханбәл риуаят етті. (Рауилері) риуаят етушілері сенімді.

4. Әбул Умәмә радияллаһу ‘анһу: хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләм: «Мен хақылы бола тұрып та, яғни өзінікі жөн болғанда да тартысуды қойған кісі үшін жаннаттың ауласында бір сарай және қалжың да болса, өтірік айтудан бас тартқан кісі үшін жаннаттың ортасында бір сарай және де мінезі көркем болған кісі үшін жаннаттың ең биік жерінде бір сарай берілуіне кепілмін» деді. Хадисті Әбу Дәуд риуаят еткен

5. Cәмған ұлы Нәууәс радияллаһу ‘анһумә: хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләмнан жақсылық және күнә жайында сұрағанымда: «Жақсылық көркем мінез. Ал күнә, ұжданыңды рахатсыз еткен, ішіңе сақтаған, басқаның естуін қаламаған нәрсе ғой», – деді. Хадисті Муслим және Тирмизи риуаят еткен екен.

6. Әбузар радияллаһу ‘анһу: хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләм Әбузарға: «Я Әбузар! Не ұқыптылық сияқты ақыл, не харамнан сақтану сияқты тақуалық, сондай-ақ көркем мінез сияқты майталмандық болмайды» – депті. Хадис Ибни Хаббан сахихында риуаят етілген екен.

7. Ғабдұлла ұлы Жәбір радияллаһу ‘анһумә: хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләмға жәбірейіл: Алла тағаланың былай дегенін хабарлапты: «Шын мәнінде бұл (Ислам) діні мен разы болған бір дін. Оған жомарттық және көркем мінез жарасады. Бұл дінге ие болған мезгілдерің бойынша жомарттық пен көркем мінезді құрметтеңдер. Басқаша айтқанда, Ислам дінін жомарттық және көркем мінез арқылы қуаттаңдар» деген екен. Хадисті Тәбәрәни аусатында риуаят еткен екен.

8. Әбуһұрәйрә радияллаһу ‘анһу: хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләм бұйырды: Аллаһ тағала Ибраһим ‘аләйһиссәләмға былай деген: «Досым! Кәпірлерге болса да мінезіңді көркемдестір, игі жақсылардың жолына кіресің. Мінезін көркемдестірген кісіні ғаршымның астына көлеңкелетіп, жаннат суларымнан ішкізетінімді және оны маңайыма жақындататынымды уәде етемін». Хадисті Тәбәрәни риуаят еткен.

9. Әнас радияллаһу ‘анһу айтты: хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләм Әбузармен кездесті де: «Я Әбузар! Саған басқаларына қарағанда жүкте жеңіл, таразыда ауыр екі сипаттан өсиет етейін бе?» – деді. Әбузар: «Әрине, я расулаллаһ!» деді. Хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләм: «Жақсы мінезді болуға ұқыпты бол және үнемі ауызыңды бақ. Жаным құдырет қолында болған Аллаһ тағалаға ант етемін. Әлеумет бұлар тәрізді ғамал істемеген» деп бұйырды.

Advertisements

3 Responses to Көркем мінезге байланысты 9 хадис

  1. Жас қазақ айтады:

    Әр жағдай және әр орайда, түрлі бейнедегі сөйлемдер арқылы жалпы адам баласына, әсіресе мұсылмандарға елеулі түрде уағыздап, тікелей немесе жанай түрде ескертілген бұл Хадистерден Ислам дінінің көркем мінезге қаншалық мән бергендігін сөзсіз ап-айқын көруге болады. Әрине, көркем мінезге байланысты Хадистер бұлар ғнан емес екендігін де ескерген жөн. Шынайы ниетпен ынтыға тыңдап, нақ пейілмен назар аударушыларға осылар да жетіп асатындығы түсінікті. Бірақ тыңдап қана қою бізді құтқармайды немесе онымен біз пайғамбардың (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) шапағатына лайық бола алмаймыз. Негізінен іс жүзінде, ғамалды бұлжытпай орындауымыз шарт. Тікелей айтқанда, хазрет пайғамбардың (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) әмірі бойынша, шарқая, шаркез мінезді, ызақор, долы, қияпар болмай, байыпты, толғамды және кешірімді болсақ сонда ғана толық мұсылман боламыз, сонда ғана бізді Аллаһ сүйеді әрі пайғамбардың (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) шапағатына лайық бола аламыз, әрі бізді жалпы ел де, жеке адамдар да жақсы көреді. Аллаһ тауфиқ берсін.

    Халифа Алтай

  2. Эльвира айтады:

    Жақсы мінезді – күлімдеп жүру, жомарттық пен ешкімді ренжітпеу, қиын жағдайда адамдарды риза ететіндей көмек көрсетіп олардан ешнәрсе дәметпеу, жақсы мен жаманды Аллаһтан біліп, нығметтерге шүкіршілік ету, қиыншылықтарға сабыр ету, Жаратқанды ойлап жаратылғанды жақсы көру деп түсінемін.

  3. […] ақиретте де бақытты болу жолдарын көрсетті. Үйреткен адамгершілік принциптерін ең әуелі өзі орындап, үлгі өнеге […]

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: