Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық –
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

Advertisements

One Response to Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

  1. Асем айтады:

    Абайдың Әуелде бір суық мұз-ақыл зереек өлеңі оның он жетінші қарасөзімен идеялық тұтастықта. Абай өлеңіндегі поэтикалық суреттеуді қарапайым проза тілмен халқына жеткізуді мақсат еткен тәрізді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: