Ғазали мен қарақшылар

Әйгілі имам Ғазали Мешхедке жақын орналасқан Тус қаласында туып өскен болатын. Хижри жыл санағымен алғанда бесінші ғасырда сол Тус маңындағы Нишапур қаласы үлкен білім ордасы болып қалыптасқан еді. Аймақтағы білімқұмар қауымның бас қосатын бірден-бір орталығы да осы Нишапур болып табылатын. Солардың бірі – Ғазали де білім қуып, Горган мен Нишапурға келіпті дейді. Сонда жүріп ол көптеген ғұламалардың ұлағатын тыңдап, тәрбиесінде болады. Алған дәрістерін қорытып, жинақтап қағазға жазып отырады екен. Сосын оларды сенімді жерге қойып, көздің қарашығындай сақтапты. Сүйтіп белгілі уақыты жеткенде ол туған жеріне қайтпақшы болып, жолға жиналады. Сонда жазған-тергендерін бір қапшыққа салып, онысын түйеге артып, жолға шығыпты. Қырсыққандай керуеннің жолын торуылдаған қарақшылардың қолына түсіп қалады екен. Олар бірден ай-шайға қарамастан, көңіліне жаққандарын алып, керуенді тонауға кіріседі. Кезек Ғазалидің заттарына келгенде, ол қарақшылардан жазбалар салынған қапшықтарына соқтықпауын өтінеді.
– Бар дүниемді алсаңдар да осыған тимеңдерші,- депті ол.
Оның осы сөзіне қарап, қарақшылар қапшықта қымбат бағалы бұйымдар болу керек деген оймен ақтара келгенде, қағаздан басқа ешнәрсе таба алмапты. Содан олар Ғазалиден:
– Мынау не нәрсе, бұның бәрі саған не үшін қажет?- деп сұрапты.
– Бұл сендердің қажеттеріңе жарай қоймас, тек маған керекті дүниелер.
– Сонда сенің қандай қажетіңе жарамақ?- дейді тықақтап қоймаған қарақшылар.
– Бұл менің бірнеше жылғы еңбегімнің жемісі. Егер сендер бұны құртатын болсаңдар, менің білімімнің зая кеткені.
– Шыныда да сенің бар білімің осы қағаздарда ма?
– Иә, солай.
– Олай болса, өзі қапшықтың ішінде болатын болса, оның үстіне өзі ұрланатын болса, ол не білім, не ғылым болып жарытпайды. Одан да барып, өз қара басыңның қамын ойлағын,- деп қағаздарын Ғазалидің қолына беріпті.
Осы бір оқиға Ғазалиге қатты әсер етіп, жан-дүниесіне үлкен өзгеріс әкелген екен. Осы оқиғадан кейін ол ондай білімді қағаз-дәптерге емес, ақыл дәптеріне жазған жөн екен деген ойға келеді.
Ғазалидің бұл турасында: «Мен өміріме тамаша бастама болған ақылды сол бір қарақашылардан естідім,»- деп айтатыны да бар.

Advertisements

3 Responses to Ғазали мен қарақшылар

  1. Жас қазақ айтады:

    Бұл жердегі оқиға бізге мысал түрінде жазылыпты. Ал осы оқиға рас болды ма екен деп Имам Әл-Ғазалидің өмір тарихына үңілсек: ия тура осы жағдай Имам Әл-Ғазалидің басынан өтіпті. Жоғарыда жазылғаннан сәл айырмасы бар бірақ мағынасына нұсқан келмеген екен.
    Шындығында ол былай болған:
    Ғазали 20 жасқа толған шағында яғни хижраның 470 – ші жылы ілім іздеп Горгон қаласына жол тартса керек. Сол жолы өзімен бірге Әбу Насыр Әл – Йсмаилдің «Мұсылман құқытары бойынша түсініктемелер» деген бірнеше томдық кітабы да болыпты.
    Осы жолда сол кітаптармен қызықты оқиғаға тап болыпты. Ол жайында өзі былай деп баяндайды: «Жолда біздің керуенге қарақшылар шабуыл жасады, менің де барлық заттарымды тартып алды. Артынан олар кете бастғанда мен де арттарынан ілестім. Сол уақытта олардың басшылары мені көзі шалып қалып: «ей, бейбақ басың кетпей тұрғанда қайт артқа», – деп сес көрсетті. Сол кезде мен оған былай жауап қаттым: «Жаратқан үшін, менің тек кітаптарымды қайтаруыңды сұраймын. Сіздер үшін оның құны бақыр тиын ал мен үшін олар өте құнды». Ол: «Не кітаптар?», – деді. Мен кідірместен былай дап жауап айттым: «Ана қоржыдағы, мен ол кітаптармен көп жұмыс жасадым, жаздым, тыңдадым, оқыдым ондағылардың мағынасын түсіндім». Ол күлді де: «Сен онда не жазылғандарын қайдан білесің? біз сеннен кітаптарды тартып алып едік сен білімсіз қалдың!» артынша адамдарына кітаптарды қайтарып беруді бұйырды.
    Кейін Имам Әл-Ғазали осыны еске алып былай деп жазады: «Сол кезде мен өзіме қаратып былай дедім: «Шындығында мені білім жолында анық, тура жолға салу үшін қарақшының аузына сол бір сөзді Аллаһтың өзі салды». Кейін Горгоннан қайтқан соң, маған тағы да қарақшылар шауып білімсіз қалдырмасы үшін сол кітаптарды жаттап алғанша дейін үш жыл оқумен болдым».

    Абайша айтқанда: «Жә, бұл сөзден не ғибрәтлендік?»

  2. Эльвира айтады:

    негізі «баста қалмайды, қағазда қалады» деп те айтады ғой. адам білгеннің бәрін баста сақтайтын болса, айтқан ақиқатына өзінен бір нәрселер қосылып кету ықтималы бар емес пе?

  3. zhasqazaq айтады:

    Мен сені түсіндім, “баста қалмайды, қағазда қалады” дегенің әрине басқа қырынан алғанда әділдік, әрине білімді адам өлсе оның білгені тек қазғазда қалады. Бірақ бұл жерде Имам Ғазали білімді өзіне қатысты айтым тұр яғни менде бума-бума қағазға жазылған пайдалы ілімдер болса, ал мен оларды білмесем маған оның несі пайда.
    Ал ақиқатқа басқа нәрселер қосылып кетеді дегенге келсек ол әбден мүмкін. Адам білгенін ұмытуы мүмкін, тура жолдан адасуы мүмкін сондықтан біз Аллаһтан бізді тура жолға салуын және одан қайтадан адастырмауын сұраймыз.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: