Насихат

Jamagat

Ей жараңдар, дүниеде ешкім мәңгі тұрмайды. Аз уақыт дүниеге қонақ хисабында тұрып, жаман пиғылды жаман хұлықты болып, ахиретіңізге не жанға, не денеге пайдасы жоқ нәжіс ұстап қайтпаңыз. Адам баласы бұл дүниеге ахирет деген түпкілікті орында қорек ету үшін азық жия шығарылған Құдай тағаланың махұлығы болса керек. Дүниеде таза мінез бен қайырлы істер істеп ахиретке қайтсаңыз, сол өзіңіздің жиып қайтқан жақсылықтарыңыз – ахиретке бірге баратын дәулеттеріңіз. Ол дәулетіңізбен мәңгі дүниеде пайдаланып, ұжымақ ішінде рахметте қаласыз. Егер дүниеде бұзық пиғылдарда болып, куфрлерден, бидғаттардан, риялардан, сараңдардан, күншілдерден, тәкәппарлардан, исрафтардан һәм мұнан ғейри ұры, өтірікші, ғайбатшылардан болып, ахиретке осындай амалдарды ұстап қайтсаңыз, мұның кесапатын, залалын һәм мәңгі дүниеде, ахиретте көресіз. Оның үшін жамандық іс – жылан мен бүйеге мысал. Ол бүйі мен жыланды қанша асырап күтсең де, күткеніңе ісініп, қолыңа тұтына беруді қоймасаң ақырында бір шағып өзіңе зақым келтірмей қалмас. Тікенек еккен жерден бидай орып алып ұн ішіемін деп үміт ету, әлбетте, ақымақтық болса керек. Адамның да дүниедегі амалы осы қалыпты. Дүниедегі амал – егінің жақсылық болса һәм ол жақсылық болса һәм ол жақсылық егініңнің шашқан тұқымы рия, хасад, кубрдан болмаса, үміт бар ол егініңнен жамандық орып алмассың деген. Егер істегенің жамандық болса, жақсылық тауып алу да күмән болса керек, тікен орнына бидай шықпаған рәуішті. Бірақ Құдай тағала шын жалбарынып, ихдас пен тәубе қылса, кешірермін деді. Ләкин риясыз істелген жақсылық бір мысқалдай болса да мизан таразы күнінде есепке кірмей қалмайды. Мұннан көрінеді, өзіміз түзелмейтін бұзық болмасақ, Құдай тағала әрқашан бізге рахым етуі шын екендігі һәм түзелерге тырысуға еш уақыт кеш еместігі. Ләкин әрбір іс бастан түзу бола келмесе, түбінде түзелуі де қиын болады. Ағашты жас күнінде қисығын түзей келсең түзу болып өседі һәм бір түзу болып өскен соң жаңадан қисаймайды. Ағаш ұлғайып, қатып кеткен соң түзеуге де көнбейді, сынып кетеді. Сол рәуішті жақсы, көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, ол әдет тура жолдан соңғы уақыттарда қандай қиыншылық көрсеңіз де жаздырмас. Ұлғайғанша жамандықты қылып еткен кісінің бұл қалыпта өзгеруі де қиын болса керек, бәлки, мүмкін болмастығы да ғажап емес. Ойлап қараңызшы, Құдай тағала біздің амалымызға мұқтаж емес қой. Не жақсылық-жамандық етсек те ақырында пайда залалын өзіміз көреміз. Мәселен, ұрлық, залымдық, парақорлық, өтірік, айбаттан кім залал көреді? Әрине, адам баласы өзді-өзі залал көреді. Туралық, әдепшілік, ғылым-білімнен кім пайдаланады? Әлбетте, адам баласы өзі пайдаланады. Егер бұл дүниеде бұзық пиғылда болғандағы талабымыз мал табу болса, Құдай тағаланың лұқсат еткен кәсіптері аз ба? Мәселен, оқу оқып, ғылым һәм өнерлер үйрену, егін егу, сауда ету, мал бағу, кірегерістік ету, патшаларға қызмет ету я болмаса бөтен орындарға өнер-күшіңді адал ниетпен жұмсап мал табу. Мұның бәрі де халал. Бірақ бұзық адамдар бұған қанағат етпейді һәм өнебойы дүние көбейтуге алданамын деп, құдайына қызмет етуді ұмытады.
Ей, сүйікті туғандарым, әрбір бұзық жамандық істер, асылында, хұлықтың жамандығынан табылады. Соның үшін де Құдай табарак уа тағала Кәләм шәрифінде бұйырады: «(ухсину ахлақукум)» яғни «түзетіңіз хұлқыңызды» деп. Сол мінзіңізге әрқашан назар салып, өзіңізді жақсы мінезге үйретсеңіз, Құдай тағаланың уағдасы екі емес, мәңгі рахатта боласыз. Жақсы хұлық құр ахиретке пайдалы болып, дүниеде де залал емес. Дүниеде де ізгі құлықты адам һәм сүйкімді, һәм қадірлі, һәм ахиретте де Құдайдың сүйген құлдарынан болсаңдар керек (ин ша аллаһу тағала).

Ыбырай Алтынсарыұлы «Мұсылманшылықтың тұтқасы» 58 бет.

Advertisements

2 Responses to Насихат

  1. Жас қазақ айтады:

    Өз баласындай бауырына тартып, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед ‘аләйһиссәләмның мүбәрк сөздерін жеткізген, құдайдың жолын түсіндіргетінген жандар туғызғаны үшін Аллаһқа шексіз мадақтар болсын! «Субхәнәл-лаһи уә бихамдиһи»

  2. Жас қазақ айтады:

    Айналып келгенде дүниедегі барлық сөздің тобықтай түйіні осы. Қаншама әлімдер том-том қылып кітаптар жазса да түп мағынасы осынай бір ғана бетке сияр еді. Осыны жан тәнімен ұққан, осында айтылған амалдармен жүрген адамға басқаларды оқып та қажеті жоқ болар сірә. Басқаларды дегенде әрине мен құран мен хадистерді меңземедім. Өйткені бұл сөздердің өзі құраннан, хадистерден алынған, әрі құран Жаратқан иеміздің сөзі.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: