Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болма ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма?

Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбатсы көп көрдім елден бірақ.

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамане күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей.
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.

Advertisements

6 Responses to Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

  1. Тәңірберген айтады:

    Бірінші сөз

    Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
    Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ, Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
    Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
    Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі — бір тез қартайтатұғын күйік.
    Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық!

    Балалаларды бағу Жоқ, баға алмаймын Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын бағам, қай елге қосайын, қай харакетке қосайын. Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам. Оны да ермек қыла алмадым
    Ақыры ойладым осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағазбен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінің керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзін өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
    zhasqazaq, Абай атамыздың мына бірінші сөзі менде бар екен керек десең басқаларын да жіберейін. Мүмкін жарияларсың.

  2. zhasqazaq айтады:

    Көңіл бөлгеніңізге РАХМЕТ!!!
    Иншаллаһ бәрі шығады!!! тек қол тимей жатыр.

  3. маке айтады:

    мұны бекболат тілеуханнын шеберлігіндегі әуенмен тындау керек

  4. zukhra айтады:

    Ассаламу алейкум!!!
    Казакша шрифтти окымайды, оку мумкин емес, соны маселени шешилсе тамаша болар еди.

  5. Айман айтады:

    осы өлеңді қалай көшіріп алуға болады?Ctrl+C болмай жатыр

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: