18 сөзден

Сәуір 30, 2007

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақмақшылық.


4 сөзден

Сәуір 30, 2007

Уайым – қайғысыздығыңа уайым – қайғы қыл дағы, сол уайым – қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек, ћәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым – қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!


Ойға түстім, толлғандым

Сәуір 30, 2007

Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Өзіме өзім жақпадым,
Енді қайда сыя алдым?
Қалап алған көп мінез,
Қалайшы қылып тыя алдым?

Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға,
Апандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салған наз емес.

Осынша ақымақ болғаным,
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін;
Айла менен амалды
Меруерттей тізіппін.
Жалмауыздай жалаңдап,
Ар, ұяттан күсіппін.
Қулық пенен сұмдыққа
Құладындай ұшыппын;
“Сіз білесіз” дегенге
Күнге күйіп, пісіппін;
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін “пысықпын”.


Насихат

Сәуір 30, 2007

Jamagat

Ей жараңдар, дүниеде ешкім мәңгі тұрмайды. Аз уақыт дүниеге қонақ хисабында тұрып, жаман пиғылды жаман хұлықты болып, ахиретіңізге не жанға, не денеге пайдасы жоқ нәжіс ұстап қайтпаңыз. Адам баласы бұл дүниеге ахирет деген түпкілікті орында қорек ету үшін азық жия шығарылған Құдай тағаланың махұлығы болса керек. Дүниеде таза мінез бен қайырлы істер істеп ахиретке қайтсаңыз, сол өзіңіздің жиып қайтқан жақсылықтарыңыз – ахиретке бірге баратын дәулеттеріңіз. Ол дәулетіңізбен мәңгі дүниеде пайдаланып, ұжымақ ішінде рахметте қаласыз. Read the rest of this entry »


Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Сәуір 11, 2007

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болма ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма?

Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбатсы көп көрдім елден бірақ.

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамане күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей.
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.