Блог жайында

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын

Шынында барлық мақтау Аллаһ Тағалаға тән, біз Оны мақтаймыз әрі Одан ғана жәрдем тілейміз әрі Одан ғана кешірім сұраймыз! Сондай-ақ, біз өз нәпсіміздің және іс-әрекетіміздің кесірінен Оған сыйынамыз. Кімді Аллаһ Тағала хақ жолға салса, оны ешкім де бұл жолдан адастыра алмайды. Ал енді кімді адастырса, оны ешкім де хақ жолға сала алмайды. Ешқандай серігі болмаған жалғыз Аллаһ Тағаладан басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) Аллаһ Тағаланың құлы әрі Оның елшісі екеніне куәлік беремін. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) және оның отбасына, туған-туыстарына әрі оның сахабаларына және олардың соңынан ізгі амалдар жасай отырып ілесушілерге ақыр заманға дейін Аллаһ Тағаланың сәлемі, игілігі болсын!

Аса құдіретті Ұлы Аллаһ Тағаладан Оның көркем есімдерімен және Оның Ұлы сипаттарымен бұл еңбегімнің тек Оның жолына ғана арналуын және бұл еңбегімнің фәни дүниеде де, бақи дүниеде де мен үшін пайдалы болуын сұраймын. Сондай-ақ, осы дәптерді оқыған мұсылман бауырларға да бұл дәптердің екі дүниеде пайдалы болуын тілеймін. Шынында түрлі айып, нұсқан-кемшіліктен пәк, жаратушы Иеміз Аллаһ Тағала осы тілегіміздің қожасы әрі оны орындауға Оның күш-құдіреті толық жетеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) және оның отбасы мен туған-туысқандарына әрі оның сахабаларына және де олардың соңынан ізгі амалдар арқылы ілесушілерге ақыр заманға дейін Аллаһ Тағаланың сәлемі мен игілігі болсын!

Иншаллаһ, мен осында әлімдердің еңбектерінен үзінді жазып отыратын боламын. Әрі блог бойында Әбу Хамид Мұхаммед Әл-Ғазалидің (оған Аллаһ разы болсын) мына сөзін басшылыққа алып отыруға тырысамын:

“Ей, перзент, ыхтият бол, түнімен кітап оқып, ұйқыңды арам қылдың. Мұндағы мақсатың не? Егер ниетің дүниелік абырой-атақ алу, мүлік жинау немесе мақтану болса шама-шарқыңа болайын! Егер мақсатың – Расулалла (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) шариғаттарын тірілдірмек немесе мінез-құлқыңды тазалау, пәктеу арқылы нәпсіні сындырмақ болса, онда саған екі дүниеде де ғазиз бақыт берсін!”

Мен де сіздердей осы блогтың оқырманы есебінде боламын және әрбір айтылғандарға өз көзқарасымды білдіріп отырамын әрі сіздер де қосылар деген үміттемін, Иншаллаһ!!!

Жас қазақ, 11 Сәуір 2007 жыл

Advertisements

12 Responses to Блог жайында

  1. zhasqazaq айтады:

    blogger – ден көшіп келген жайым бар.
    Сондықтан кейбір сілтемелерде ақаулар болуы мүмкін,
    әсіресе бүрын жазылған пікірлердің көбісі жоғалып
    кеткені өкінішті болды 😦

  2. bakytnur айтады:

    Kutty bolsyn!

    рахмет

  3. tomiris айтады:

    Ой жасказак кошип коныстануынмен. Кошпенди халыкпыз гой. Ендигиде блогын токталмасын, жалгасын тапсын деп тилеймин.

    Иншалла!!!

  4. Керім айтады:

    Казахша блогтар жасай берсин! Бирак саны жагынан емес сапасы жагынан алемди тан калдырсын деп тилеймин! Саган да жасказах тек саттилик тилеймин!

    Өзіңізге де соны және артығын тілеймін!

  5. Abuhajar айтады:

    Тілек білдіру әлі де кеш емес шығар. Бастаған ісіңе Аллаһ береке берсін.

    әмин

  6. Мурат айтады:

    Сіздерге сәттілік тілеймін! Соңғы кездері Абайды кришнайт деп диссертация қорғағысы келгендер пайда болды. Шәкәрімді де басқа дінге жығып бергендер табылуда. Ондайлармен өзіміз күреспесек, барша дінге есік ашып берген биліктен үміт жоқ. Іске сәт!

    Жауап:
    Абайды Абайтанушылар арқылы емес Абайдың өзіне жүгініп тану керек. Абайтанушылардың көбі қателеседі, кейбірі Абайды даттасам атым шыға ма деп те ойлайды. Менің ойымша Шәкәрімнен артық Абайтанушы жоқ. Ол жайында әлі де жазармын, иншалла.

  7. urimtal айтады:

    Әдемі екен. Әсіресе, жазбаның қасындағы оюлар жақсы.

    Жауап:
    Ол жазбалар CSS – ті және HTML тегтерін пайдалана отырып әрленген, толығырақ мында http://www.htmlbook.ru/

  8. abdu alim ospan айтады:

    Бұл ағамыз Жас қазақ емес, бас қазақ екен.

    Рахмет! Жас қазақ деп ат таңдағаным – дін ісі тек қарттардың шаруасы емес екенін көрсеткім келген.

  9. musicola айтады:

    яссавишілдерге қатысы жоқ деп ойлаймын….
    ал Абайды таныған дұрыс….))

    Әлхадулиллә, мен өзімді Әхілі Сунна Уал-Джаммадамын деп санаймын. Басқаша топты білмеймін. Олардың діні өзіне менің дінім өзіме.

  10. Nartailak айтады:

    Блогыңыз маған ұнады. Жақсы екен.

    Рахмет, Осында жарияланғандар бауырларымызға көмек болып жатса сауабын тек Аллаһтан күтемін әрі Аллаһтың кешірімі мен мейірімінен үміт етемін.

  11. аркен айтады:

    Абай ♥

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: