Мамыр 7, 2007
Шыннан өзге Құдай жоқ,
Анық Құдай – Шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса кім құдай?
Бұрын шын бар, бүгін шын,
Ертең шын бар – үш бөлек.
Керегі жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.
Шын махаббат қылуға,
Шын сабырың жетер ме.
Көрінген әрбір сұлуға
Көңілің таолқып кете ме?
Олай болса, таза ақыл,
Әулиелік сенде жоқ.
Баянсызға бәрі – құл,
Жынданбаған бенде жоқ.
Әулиедей асықтың,
Қасиетін былғайсың.
Қылығын қылып жастықтың,
Бір қалыпта тұрмайсың.
Әлде сайтан, әлде жын,
Бірін тастап, бірін мін.
Адам емес – айуансың,
Неге тұрсын сенде шын?
Leave a Comment » |
Иман, Ислам, Шәкәрім | Tagged: Құдай |
Тұрақты сілтеме
Жазған: zhasqazaq
Мамыр 7, 2007
- Жақсы адамды өсектеп еске алма;
- Тек өз басыңды ойлама;
- Көпшілік тұрған жерде, сен олардан ерекшеленбе;
- Шын сөзге әзіл араластырып айтпа;
- Біреуді біреудің алдында ұялтпа;
- Қасы-көзіңмен ымдап сатқындық жасама;
- Бір айтқан сөзді қайталай берме;
- Біреуді мән-мағынасыз күлдірме;
- Өзіңді һәм жақын адамдарыңды кісі алдында мақтама;
- Өзіңді қатындарға ұқсатпа;
- Балаларың не десе, соны қыла берме;
- Тіліңді сақта;
- Сөйлеп тұрғанда қолыңды сілтей берме;
- Барша адамды құрметтеуді ұмытпа;
- Бәлеқор адамдармен сұхбаттас болма;
- Өлген кісіні жамандап жадыңа алма, пайдасы жоқ;
- Лажы болса, ешкіммен ұрыспа һәм өштеспе;
- Әулие, ұлы адамдардың айтқандарын ізетпен еске ал һәм күмән келтіруші болма;
- Өз наныңды өзге дастарханда жеме;
- Істе сасқалақтауға жол берме;
- Мал, дүние табамын деп, өзіңді азапқа салма;
- Кімде кім өзін танымаса, сен оны таны;
- Ашу келгенде абайлап сөйле;
- Күн шыққанша ұйықтама;
- Адамдардың алдында жалғыз тамақтанба;
- Үлкендердің алдына түспе;
- Адамдар сөйлесіп отырғанда, орынсыз килікпе;
- Басыңды салбыратып отырма;
- Көшеде жан-жағыңа алақтай берме, тура қарап, яки жолға қарап жүр;
- Қонақта отырып, біреуге қаһар шашпа;
- Меймандарды жұмсама;
- Диуана яки мас адамдармен сөйлеспе;
- Ауылда істеуге ісі жоқ һәм бейбастық жандармен бірге отырма;
- Пайда мен зиянға бой ұрып, абыройыңды төкпе;
- Менмен де, тәкәппар да болма;
- Адамдардың саған жәбір көрсеткенінен қаш;
- Жанжал мен жаладан аулақ бол;
- Өзіңді қор қылмауға ұмтыл;
- Әділ және кішіпейіл бол;- Құдайдан қорқып, халыққа ынсаппен қарап, үлкендерге қызмет, кішілерге шапағат, дәуіріштерге рақым, дос-жаранға кеңес, дұшпандарыңа жұмсақ, қызбалауға сабыр, ғалымдарға тағзым қылып өмір сүр. Біреудің малына көз сүзбе;
1 Пікір |
Иман |
Тұрақты сілтеме
Жазған: zhasqazaq