Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?
Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір,
Желігін жерге тықпас кісің бар ма?!
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға?
Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін,
Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін.
Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма,
Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.


Наурыз 6, 2009 at 12:06 тд |
Кейбір жерлерінде қате кеткенге ұқсайды, мәселең:
дүне деген жерде и әрпі,”Баяғы әл, баяғы күшің бар ма?” – деген жерде және ” алды үміт, арты өкініш” деген жерде орын ауысып кеткен. Кісі деген жерде “ң” әрпі қалып қойыпты. Соны өзгерте салсаңыз жақсы болар еді.
Наурыз 11, 2009 at 8:08 тк |
Өте жақсы өлең. Соңғы жолдарының астары мен теңуі ерекше ұнайды. Өлеңдерді жариялап жатқаныңызға рахмет. Мүмкін өлеңнің басында олардың шығу тарихын да қысқаша баяндап отырсаңыз, жазбаның мазмұны артар ма еді…
Сәуір 20, 2009 at 8:47 тд |
Өкінішке орай мен Абай өлеңдерінің шығу тарихын білмейді екенмін, тек “Жазғытұры” деген өлеңнің тарихы ғана танымал. Мүмкін Абайтанушы ғалымдар білетін болар, бұрындары Қазақстан телеарнасында “Анық Абай” деген бағдарлама жүретін еді ғой (қызығып көретінмін, жабылып қалғаны өкінішті), сол жерде өлеңдердің шығу тарихын, Абайдың жан тебіренісін, өлеңнің біз біле бермейтін жасырын астарларын өте тамаша жеткізетін. Сол бағдарлама жетекшілернің ой ізденістері әйтеуір бір жарияланады ма деген үміттемін.