Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақмақшылық.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақмақшылық.
Шілде 4, 2007 at 7:09 тк |
Абай бұл жерде бір-бірлеріңмен жарысыңдар кім күшті екен деп отырған жоқ ол үшін де Мұхаммед (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) бір-бірлеріңмен жарыспаңдар, ентігіспеңдер деп бұйырды емес пе, Абайдың меңзеп тұрғаны тек адам баласы қайтсе Аллаһтың алдында мәртебесі биік болатынын көрсетіп отыр. Біздің көркем мінездеріміз үшін, жақсы амалдарымыз үшін Жаратушымыздың алдында мәртебеміз биіктей береді «озу» деп осыны айтады. Ал егер жарыссақ тек қана шың ниетпен жасалған жақсы амалдармен, ғибадаттармен жарысып, ондағы мақсатымыз бір – бірімізге мақтану үшін емес Жаратушы иемізге жақындау үшін болсын. Сонда Аллаһтың бізге рақымы түсіп, періштелеріне: мен пәлең деген құлымды жақсы көрдім бұдан былай сендер де оны жақсы көріңдер деп бұйырады.