Пікірлер: Ойға түстім, толлғандым

By: Жас қазақ
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,Жоқ-барды,ертегіні термек үшін.Көкірегі сезімді, тілі орамды,Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.Бұл сөзі тасыр ұқпас, талапты үғар,Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.Деп жырлаған Абай бұл өлеңді бізге үлгі болсын деп жазды. Біз өзіміздің хұлқымызды үнемі бақылауда ұстауымыз керек. Анда санда болса да өзімізден: осы менің мінезім қалай? қайда ауып барады? жақсыға ма әлде жаманға ма? деп сұрап отыруымыз керек. Әйтпесе осы өлеңде оқығанымыздай жаман мінез бойға бір кірсе одан құтылу қиын іс болмақ. Қазақ айтпайды ма «ауру батпандап кіріп мысқалдап шығады»,- деп бұл нағыз дана сөз. Және мына бір сөзге көңіл бөлуіміз керек:Бәрі болды өзімнен,Тәңірім салған наз емес.Яғни жақсылық, жамандаық, бақыт, дәулет Аллаһтан болғанымен жаман мінез (характер), жаман хұлық (нрав) Аллаһтан емес. Бізге жаман мінез беріп, күнәға батырып сосын тозаққа салу әділдік емес, ал әділетсіздік Аллаһтын сипатына жатпайды. Аллаһ ондайлардан пәк, Аллаһ ешқашан да жаңылысып үкім жасамайды. Олай болса білуіміз керек жаман мінез жүректін кірленуінен болады ал жүректін кірленуі күнә жасағаннан ал күнә Аллаһқа бой ұсынбағаннан болады. Жақсы мінез жүректің тазалығынан болады ал жүректің тазалығы күнәдән тыиылудан ал күнәдан тиылу Аллаһқа ғибадаттан болады. Осындан кейін білсек керек мінезді түзету өз қолымызда екенін. Мен жаратылысымнан солаймын деп жүре беру еріншектің һәм ақымақтың ісі. Сөзімді қуаттау үшін келесі үзінді келтірсем жетіп жатыр:«…Ей, сүйікті туғандарым, әрбір бұзық жамандық істер, асылында, хұлықтың жамандығынан табылады. Соның үшін де Құдай табарак уа тағала Кәләм шәрифінде бұйырады: “(ухсину ахлақукум)” яғни “түзетіңіз хұлқыңызды” деп. Сол мінезіңізге әрқашан назар салып, өзіңізді жақсы мінезге үйретсеңіз, Құдай тағаланың уағдасы екі емес, мәңгі рахатта боласыз. Жақсы хұлық құр ахиретке пайдалы болып, дүниеде де залал емес. Дүниеде де ізгі құлықты адам һәм сүйкімді, һәм қадірлі, һәм ахиретте де Құдайдың сүйген құлдарынан болсаңдар керек (ин ша аллаһу тағала).Ыбырай Алтынсарыұлы (“Мұсылманшылықтың тұтқасы” 58 бет.)Жүрегінде саңылауы бар адамға осы сөздің өзі жетіп артылады «жаманға таяқ, жақсыға ишара».