Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадәләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсаты болса, ол жол - Құдайдың жолы. Ол - нихаятсыз (шексіз) жол... өзге жолдан не үміт бар?
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
Ақылға еркін ой керек,
Матаудан ойды азат қыл.
Әдеттеніп ертерек,
Өрісін кеңіт жылма – жыл.