Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын
Шынында барлық мақтау Аллаһ Тағалаға тән, біз Оны мақтаймыз әрі Одан ғана жәрдем тілейміз әрі Одан ғана кешірім сұраймыз! Сондай-ақ, біз өз нәпсіміздің және іс-әрекетіміздің кесірінен Оған сыйынамыз. Кімді Аллаһ Тағала хақ жолға салса, оны ешкім де бұл жолдан адастыра алмайды. Ал енді кімді адастырса, оны ешкім де хақ жолға сала алмайды. Ешқандай серігі болмаған жалғыз Аллаһ Тағаладан басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) Аллаһ Тағаланың құлы әрі Оның елшісі екеніне куәлік беремін. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) және оның отбасына, туған-туыстарына әрі оның сахабаларына және олардың соңынан ізгі амалдар жасай отырып ілесушілерге ақыр заманға дейін Аллаһ Тағаланың сәлемі, игілігі болсын!
Аса құдіретті Ұлы Аллаһ Тағаладан Оның көркем есімдерімен және Оның Ұлы сипаттарымен бұл еңбегімнің тек Оның жолына ғана арналуын және бұл еңбегімнің фәни дүниеде де, бақи дүниеде де мен үшін пайдалы болуын сұраймын. Сондай-ақ, осы дәптерді оқыған мұсылман бауырларға да бұл дәптердің екі дүниеде пайдалы болуын тілеймін. Шынында түрлі айып, нұсқан-кемшіліктен пәк, жаратушы Иеміз Аллаһ Тағала осы тілегіміздің қожасы әрі оны орындауға Оның күш-құдіреті толық жетеді.
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) және оның отбасы мен туған-туысқандарына әрі оның сахабаларына және де олардың соңынан ізгі амалдар арқылы ілесушілерге ақыр заманға дейін Аллаһ Тағаланың сәлемі мен игілігі болсын!
Иншаллаһ, мен осында әлімдердің еңбектерінен үзінді жазып отыратын боламын. Әрі блог бойында Әбу Хамид Мұхаммед Әл-Ғазалидің (оған Аллаһ разы болсын) мына сөзін басшылыққа алып отыруға тырысамын:
“Ей, перзент, ыхтият бол, түнімен кітап оқып, ұйқыңды арам қылдың. Мұндағы мақсатың не? Егер ниетің дүниелік абырой-атақ алу, мүлік жинау немесе мақтану болса шама-шарқыңа болайын! Егер мақсатың – Расулалла (Оған Аллаһтын салауаттары мен сәлемдері болсын) шариғаттарын тірілдірмек немесе мінез-құлқыңды тазалау, пәктеу арқылы нәпсіні сындырмақ болса, онда саған екі дүниеде де ғазиз бақыт берсін!”
Мен де сіздердей осы блогтың оқырманы есебінде боламын және әрбір айтылғандарға өз көзқарасымды білдіріп отырамын әрі сіздер де қосылар деген үміттемін, Иншаллаһ!!!
Жас қазақ, 11 Сәуір 2007 жыл


Ақпан 1, 2008 at 12:05 тк |
blogger – ден көшіп келген жайым бар.
Сондықтан кейбір сілтемелерде ақаулар болуы мүмкін,
әсіресе бүрын жазылған пікірлердің көбісі жоғалып
кеткені өкінішті болды
Ақпан 12, 2008 at 7:28 тд |
Kutty bolsyn!
Ақпан 21, 2008 at 1:20 тд |
Ой жасказак кошип коныстануынмен. Кошпенди халыкпыз гой. Ендигиде блогын токталмасын, жалгасын тапсын деп тилеймин.
Наурыз 4, 2008 at 12:24 тк |
Казахша блогтар жасай берсин! Бирак саны жагынан емес сапасы жагынан алемди тан калдырсын деп тилеймин! Саган да жасказах тек саттилик тилеймин!
Наурыз 25, 2008 at 7:15 тк |
Тілек білдіру әлі де кеш емес шығар. Бастаған ісіңе Аллаһ береке берсін.
Сәуір 19, 2008 at 9:55 тд |
Сіздерге сәттілік тілеймін! Соңғы кездері Абайды кришнайт деп диссертация қорғағысы келгендер пайда болды. Шәкәрімді де басқа дінге жығып бергендер табылуда. Ондайлармен өзіміз күреспесек, барша дінге есік ашып берген биліктен үміт жоқ. Іске сәт!
Ақпан 13, 2009 at 4:19 тк |
Әдемі екен. Әсіресе, жазбаның қасындағы оюлар жақсы.
Наурыз 1, 2009 at 11:49 тк |
Бұл ағамыз Жас қазақ емес, бас қазақ екен.
Маусым 9, 2009 at 10:10 тк |
Жас қазақ бауырым азан шақырып қойған атыңыз кім?
Мамыр 29, 2009 at 10:03 тд |
яссавишілдерге қатысы жоқ деп ойлаймын….
ал Абайды таныған дұрыс….))
Шілде 27, 2009 at 9:03 тк |
Блогыңыз маған ұнады. Жақсы екен.